Балалардың сүйікті мультфильмі «Мауглиді» енді шымкенттік бүлдіршіндер сахнадан көре алады. Облыстық әзіл-сықақ және сатира театры жаңа қойылымға дайындалуда. Ұжым әртістері Редиарт Киплингтің «Алаулаған қызыл гүл» атты танымал ертегісін жақында ұсынбақ. Әртістер тіпті демалыс күндері де театрда соңғы дайындықтарын пысықтауда.
1 сағаттық қойылымның сценариін жазған — Дәурен Төлеубаев. Музыкамен көркемдеген — Асхат Шакупов, биін қойған — Роза Ақтанова, ал қоюшы режиссері — Мақсат Айтжанов. Мультфильмді сахналауда оның түпнұсқасына аздап өзгеріс енгізілгені болмаса, ертегі желісі жас нәрестенің көк бөрілердің ортасында қалып қоюынан басталады. Ертегі 4 наурыз күні театр сахнасында сағат 12:00-де басталады.