Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізді. 23 ақпаннан 27-не дейін өткен рейд барысында 4 мыңнан астам жол жол жүру ережесін бұзу дәйегі анықталып отыр. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Рейдтік іс-шара барысында тәртіп сақшылары жол жүру ережесін бұзған 4041 автоәуесқой мен жаяу жүргіншіні анықтады.
Соның ішінде:
1086 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін;
621 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон қолданғаны үшін;
352 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін;
226 жүргізуші техникалық байқаудан өтпеген көлікті басқарғаны үшін;
46 жүргізуші көлік құралына басымдық бергені үшін;
258 жүргізуші бұрылу ережесін бұзғаны үшін;
31 жүргізуші жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін;
32 жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай өткені үшін;
46 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін;
8 жүргізуші облыс аумағында және қалада апатты жағдай жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұған қоса жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып, автокөлік басқарған 7 жайт тіркелді. Тәртіп сақшылары көлікті мас халде басқарғаны үшін бұрын да жауапкершілікке тартылған 71 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.
Жол-патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық көлікті басқарып жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты 201 фактіні, көлік басқаруға құқығы жоқ тұлға автокөлік басқарған 124 жайтты, көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлға автокөлік басқарған 2 жайтты анықтады.
153 жаяу жүрушіні жүруге тыйым салған жерден өткені үшін және басқа да жол қозғалысына қатысушылар мен жаяу жүргіншілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасына 700 полиция қызметкері жұмылдырылды.