Úı ANONS 3,5 мың мал басы иелеріне қайтарылды

3,5 мың мал басы иелеріне қайтарылды

фото ҚР ІІМ
Абай облысында криминалдық полиция қызметкерлері жылқы ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Топ төрт адамнан тұрған.
Күдіктілердің 50-ден астам жылқы ұрлағаны анықталды. Олардың бірі шаруа қожалығын басқарған. Ұрланған малды далалы жерге апарып, етін сату үшін сойып отырған. Тірі жылқыларды КамАЗ-бен оңтүстік аймаққа, ал етті облыс базарларына апарған. Қаскөйлер қамауға алынды.