Бес күнде жол жүру тәртібін бұзудың 4000 фактісі тіркелді

333
фото: //automag.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізді. 23 ақпаннан 27-не дейін өткен рейд барысында 4 мыңнан астам жол жол жүру ережесін бұзу дәйегі анықталып отыр. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

фото: //automag.kz

Рейдтік іс-шара барысында тәртіп сақшылары жол жүру ережесін бұзған 4041 автоәуесқой мен жаяу жүргіншіні анықтады.

Соның ішінде:

1086 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін;

621 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон қолданғаны үшін;

352 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін;

226 жүргізуші техникалық байқаудан өтпеген көлікті басқарғаны үшін;

46 жүргізуші көлік құралына басымдық бергені үшін;

258 жүргізуші бұрылу ережесін бұзғаны үшін;

31 жүргізуші жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін;

32 жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай өткені үшін;

46 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін;

8 жүргізуші облыс аумағында және қалада апатты жағдай жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған қоса жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып, автокөлік басқарған 7 жайт тіркелді. Тәртіп сақшылары көлікті мас халде басқарғаны үшін бұрын да жауапкершілікке тартылған 71 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық көлікті басқарып жол қозғалысы ережесін бұзуға қатысты 201 фактіні, көлік басқаруға құқығы жоқ тұлға автокөлік басқарған 124 жайтты, көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлға автокөлік басқарған 2 жайтты анықтады.

153 жаяу жүрушіні жүруге тыйым салған жерден өткені үшін және басқа да жол қозғалысына қатысушылар мен жаяу жүргіншілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасына 700 полиция қызметкері жұмылдырылды.