Биыл қаламгер Ж.Кеттебектің туғанына 70 жыл толды

696

Тіл жанашыры, қаламгер Жәлел Кеттебектің туғанына — 70 жыл. Облыстық «Отырар» кітапханасына жиналған әдебиет сүйер қауым ақынды ерекше құрметпен еске алды. Жазушының шығармаларын оқып, жырларын жатқа айтты. Әдеби кешке жазушының үзеңгілес достары мен қаламдастары жиналды. Олар оқырман қауымға ақынның өмірінен естеліктер айтуды ұмыт қалдырмады.

7039

Мархабат Байғұт, жазушы: «Басылмаған роман, повесть, әңгімелері бар. Ал басылып, жарық көргендерінің өзі ерекше, елді елең еткізген. Ақынның стилі бөлек. Жәлел Мәскеудегі М.Горький атындағы институтты тәмамдады. Батыс, орыс әдебиетіндегі шығармашылықтың қыры мен сырын меңгерген. Және оны қанына, сүйегіне сіңіріп, қазақы құнармен байытып, әдебиет әлемінде өз орнын тапқан жазушы деп мойындаймын.»

кітап көрмесі

7036

7038

Аға буын өкілдерінің айтуынша, пайғамбар жасында өмірден озған Жәлел қазақ әдебиетін құнды еңбектермен ғана толықтырған жоқ, қазақ журналистикасына да орасан үлесін қосқан. Қазақстан журналистер одағы облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы қызметін абыроймен атқарып, қоғамның келелі мәселесін қаузайтын «Нартәуекел» атты газеттің шығуына да бастамашы болды. Айта кетейік, әдеби шарада жазушы Жәлел Кеттебектің өмір жолы мен шығармашлығынан сыр шертер кітапкөрмесі де көпшілік назарына ұсынылды.