Оңтүстіктегі өзге ұлт өкілдері Наурыз мейрамын тойлауды бастап кетті. Өңірдегі этно-мәдени орталықтарың мүшелері мейрам қарсаңында қонақжай Қазақ елі секілді мол дастархан жайып, ұлттық тағамын ұсынды. Думандата тойланған мерекеде қазақтың ұлттық ойындарымен қатар салт-дәстүрі де дәріптелді.
Мерекеге жиналғандардың бірі Наталья Матвеева орыс ұлтының өкілі болса да қазақтың салт дәстүрі мен дінін ұстанады. Жылдағы дәстүріне сай Наталья Наурыз мерекесі қарсаңында қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, көпшілікпен бірге Ұлыстың ұлы күнін думандата ұарсы алды.
Наурыз қазақтың ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің мерекесі мен берекесіне айналған. Өңірдегі этно-мәдени орталықтардың мүшелері Наурыз оңтүстіктен басталады деген ниетпен мейрамды тойлауды алғаш болып бастады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=82bmkqkaz2o[/youtube]
Наурыз — қазақтың ұлттық салт дәстүрін дәріптейтін мейрамдардың бірі. Мерекені тойлау барысында балғындар ұмытып бара жатқан асық ойынын ойнаса, ақ жаулықты әжелеріміз жылдың басы, күннің жаңаруы деген ырыммен тәй-тәй басқан баланың тұсауын кесті.