Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары Польшадан жүлделі оралды

401

Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің өнер пәнінің мұғалімдері 2015 жылдың 19-27 ақпан күндері аралығында Польшаның Варшава, Гданське сияқты бірнеше ірі қалаларында ұйымдастырылған «Art Week in Poland – Польшадағы өнер апталығы» халықаралық өнер көрме-байқауына қатысып қайтты. Көрме дәстүрлі түрде Польшаның мамандары мен тұрғындарына ұсынылады.

Варшава қаласындағы көрменің байқау бойынша бағдарламасы мына бөлімдерді қамтиды:

1) Халықаралық көрме және сурет байқауы
2) Халықаралық көрме және сызба (графика) байқауы
3) Халықаралық көрме және сәндік өнер, қолөнер байқауы
4) Халықаралық көрме және тоқыма өнеріне арналған байқау
5) Халықаралық көрме және мүсін жасау байқауы

Халықаралық тоқыма өнеріне арналған байқауда «Костюм және тоқымалы костюм» номинациясы бойынша «Айбүбі» байқаулық жұмысымен 1-орынды Жүсіпова Айнұр Сырымқызы, «Кестелер және шілтерлер» номинациясы бойынша «Уақыт айналымы» байқаулық жұмысымен 1-орынды Тулеева Жанна Исламбекқызы иеленді.

Ал «Сәндік панно» номинациясы бойынша «Ғасырлар тұңғиығынан» атты байқаулық жұмысымен 3-орынға Төлтебаева Гауһар Абдысаттарқызы ие болды.