Түркістандағы құрылыс нысандары өңір басшысының жіті бақылауында

184

Жаңаша түрленген Түркістанға келушілердің қатары толығуда.Туристердің жүріп тұруына жағдай жасау мақсатында автотұрақтар мәселесі тез арада шешілуі тиіс. Осыған орай өңір басшысына » Түркістан тұрағы» жобасы таныстырылды.

Мамандардың айтуынша ақылы автотұрақтар- ретсіз тұрақ мәселесін шешуге және жаяу жүргіншілердің, қоғамдық көліктің және автомобильдердің жайлы қозғалысы үшін мүмкіндік жасайды.

Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралап шыққан аймақ басшысы Түркістанға кіреберіс жол бойында құрылысы қарқын алған 5 мың орындық зәулім мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл күллі түркі әлемінің астанасы Түркістан қаласына Өзбекстан мемлекеті тарапынан жасалған сый. Сонымен қатар, облыс басшысы 720 оқушыға арналған Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысында болды. Еліміздегі ірі құрылыс компаниясы мұнда 120 орынға арналған жатақхананың құрылысын жүргізуде.

Өңір басшысы Шәуілдірден тікелей Шымкент бағытына шығатын және Түркістан әуежайын Әкімшілік-іскерлік орталық арқылы жаңа Темір жол вокзалына кедергісіз қосатын күре жолының құрылысымен де танысты.

Шынар Оразова