Наурыз мейрамын өткізудің тоғыз күндік жоспарына сәйкес 17 наурыз күні облысымызда Мейірім күні деп белгіленген. Көңілі дархан даладай болған халқымыз қашан да кең пейілділігімен дараланған. Халқымыз Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жоқ-жітікке қол ұшын беру, қамкөңіл жандардың жағдайын түзеуге көмек беру сынды қайырымды істермен дәстүр сабақтастығын жалғастырған.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bkUflCPE7EE[/youtube]
Осы дәстүрмен бұл күні балалар үйлері мен мүгедектерді оңалту орталықтарында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, шүлен таратылды. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді.
Шымкент қаласында орналасқан облыстық №4 балалар үйінің жүзге жуық тәрбиеленушісіне сыйлық берілді. Мұндай қайырымдылық акциясы жыл сайын өтуде. Айта кету керек, өткен жылы бұл балалар үйінің 12 түлегі оқу грантын жеңіп алған болатын.
Сонымен қатар облыста тұрмысы төмен отбасыларына арнап кәсіпкерлер қайрымдылық акциясы өткізді. Оған қалалық әкімдік ұйытқы болып отыр. Осы акция аясында қаладағы төрт аудан әкімдігі әлеуметтік аз қамтылған отбасларға азық-түлік таратты. Сондай-ақ облыстағы алты оңалту орталықтарында қайрымдылық іс-шаралар ұйымдастырылды.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі