«Ордабасы» футболшылары «Шахтерді» тізе бүктірді

263
Еркебұлан Тұңғышбаев биылғы маусымдағы алғашқы голын қарағандылықтардың қақпасына соқты, фото "Техас" фанклубының қорынан алынған

Қазақстан премьер-лигасының командалары арасындағы ел чемпионатының екінші тур ойыны ордабасылықтар үшін сәтті аяқталды. Теміртау қаласында матчтың 80-минутында Еркебұлан Тұңғышбаев есепті ашып, команданы жеңіске жетеледі. Қалған 20 минут ішінде алаң қожайындары есепті теңестіруге тырысқанымен нәтиже болмады — үш ұпай шымкенттіктердің қоржынында.

Еркебұлан Тұңғышбаев  биылғы маусымдағы алғашқы голын қарағандылықтардың қақпасына соқты, фото "Техас" фанклубының қорынан алынған
Фотолар «Техас» фанклубынан алынды

Бұл матч басталмас бұрын Оңтүстіктің командасы бірқатар қиындықтарға тап болған еді. «Шахтер» мен «Ордабасы» арасындағы кездесу бір сағатқа кейінге шегерілді. Ауа райының қолайсыз болуына байланысты Астанадан Теміртауға апаратын тасжол біраз уақытқа көлік қозғалысы үшін жабылған. Оңтүстіктің командасы мінген автобус екі рет тоқтатылып, жерлестеріміз жол үстінде кідіріп қалды. Нәтижесінде Теміртаудың стадионына жоспарланған матч сағат 16:00-де басталды.

Ордабасылықтар жол үстінде босқа кідірмей, суретке де түсіп үлгерген, фото "Техас" фанклубының қорынан алынған
Ордабасылықтар жол үстінде босқа кідірмей, суретке де түсіп үлгерді

Естеріңізге салайық, «Ордабасы» футбол командасы наурыздың жетісі күні өз алаңында «Ертісті» қабылдап, 1-1 есебімен тең түскен болатын.