Шымкенттің студент жастары Қазақстанның халық әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» орденінің иегері Роза Рымбаевамен жүздесті. Қазақтың біртуар өнер иесін жас тыңдармандары ыстық ықыласпен қарсы алды.

006

Кездесуде Роза Қуанышқызы сахнада өткен 40 жыл өміріндегі жетістіктерімен бөлісті. Бастан өткерген қиын-қыстау кезеңдерді де әңгімелеп берді. Ал студенттер қауымын әншінің жанұясы, ұлы Әли Оқаповтың жеке өмірі де қызықтырады екен.

Тыңдарманның әр сауалына жауап берген кеш кейіпкері шығармашылығандағы жаңалықтарын да Шымқалаға арқалай келгенін жеткізді.

Айта кету керек, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған Роза Қуанышқызы бүгін қаламыздағы «Түркістан» сарайында тыңдармандарына концерт береді. Әншінің «Шақырады көктем» атты ән кешінде өнер иесінің халық аузында жүрген белгілі әндерімен қоса жаңа туындылары да орындалмақ.