Шымкентте өрік гүлдей бастады. Ұлыстың Ұлы күнінің жаршысындай болған жеміс ағаштары айдың басында бүр жарып, гүл ашқан. Себебі, өңірде соңғы екі тәулікте күн әдеттегіден жылы. Күні кеше ауа райы 13 градусқа дейін жылы болды дейді синоптиктер.
Естеріңізде болса, 10 наурыз күні Шымқалада қар жауып, күн суытқан болатын. Кешегі жексенбіде де таулы аудандарда қар түсіп, ауа температурасы 8 градусқа дейін аяз сақталды. Шымкентте күндіз +5 , ал түнде -4 градус суықтықты көрсетті.
Дегенмен, соған қарамастан қазір Шымкенттегі күн райы ашық. Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, бұдан былай күн қатты суытпайды. Тек алдағы Наурыз мерекесі күндері жауынды-шашынды болады деп күтілуде.