Шымкентте 17 жасар футболшылардың республикалық турнирі өтті

228
"Ордабасының" ізбасарлары да "Жастар" турнирінің ақтық кездесуіне жолдама алды

Шымкенттегі «БИІК» футбол кешенінде бір жеті бойы «Жастар» республикалық турнирі өтті. Жарыста еліміздің 17 жасар футболшылардан құрылған 17 команда сынға түсті.

Олардың арасында «Ордабасының» ізбасарлары да бар. Турнирді Қазақстанның U-17 құрама командасының бас бапкері Карлес Марторелдің өзі бақылады. Өйткені, испандық маман жасөспірімдер арасында іріктеу жасап, бас командаға ептілерді іріктеп алды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tCsgxQ-WA28[/youtube]

Карлес Марторелл: «Жарыс жоспар бойынша өтті деуге болады. Барлық ойындарды тамашалай алдым. Бұл мен үшін нәтижелі жұмыстың болғанын көрсетеді. 17 команданың да футболшылары өздерін көрсете алды. Әрине, бастапқы мақсат бойынша олардың арасынан бірнешеуін құрамаға да шақырамын деп отырмын. Әзірге, тек жоспар ғана. Епті футболшылар жоқ емес.»

Жарыс барысында 17 жасқа дейінгі футболшылар төрт топқа бөлініп, өз тобында алғашқы екі орынды иеленгендер ақтық сынға жолданды. Олар: «Қайрат», «Тараз», «Ақтөбе», «Атырау», «Ертіс», «Шахтер», «Каспий» және «Ордабасы» командалары. Ал ақтық кездесулер наурыздың 20-27-ші жұлдызы аралығында Шымкентте өтеді.