Шымкентте № 6 мектепте алғаш рет экономика пәні өтті. Оқушылар отбасылық бюджетті үнемдеуді, қаржы жинаудың, көбейтудің жолдарын үйренді. Шеберлік сабағын алматылық мамандар жүргізді.

vlcsnap-2015-03-04-15h17m29s166

Қаражатты жинау мен жұмсауды үйренуде оқушылар белсенді. Бір сағаттық бизнес-ойында «Каспи банк» қызметкерлері шәкірттерге экономика негіздерін үйретті. Мұндай шаралар болашақ мамандық таңдауда да маңызды.

Мамандар бюджетті жоспарлауды, тиімді жұмсауды және жинауды балалар кішкентайынан меңгеруі тиіс дейді. Экономика пәні депозит, несие рәсімдеуде оқушылардың білімін арттырады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EZx3NKpd5is[/youtube]

Ал алматылық, астаналық оқушылар үшін Каспи банкінің экономика пәні таңсық емес. Бизнес ойындар алғаш рет ұйымдастырылып отырса да шымкенттік шәкірттердің қызығушылығын арттырып отыр.