Мектептен компьютер ұрланған

315
Шымкенттегі №6 мектеп

 

Шымкенттегі №6 мектеп
Шымкенттегі №6 мектеп

Химфарм зауыты маңындағы №6 мектептен компьютерлер ұрланды. Айта кету керек, тура екі жыл бұрын дәл мектептен ноутбуктар қолды болған еді. Бұл жолғы ұрлықта қарауыл ұйықтап қалса керек. 

Компьютерлер дәл осы ескі мектептен қолды болған. Білім ордасының аумағы жай ғана шарбақпен қоршалған. Күзетші де бар. Алайда, оның сол түні қайда болғаны белгісіз. Өйткені, ұрылар мектептің екінші қабатына енген.

Сөйтсек, осы мектепте орын алып отырған алғашқы ұрлық емес. Келеңсіз жағдайдан хабардар білім бөлімінің мамандары осылай деп отыр.

Білім басқармасының мәліметінше, компьютер сыныбындағы терезелерге темір тор қоюға тыйым салынған. Өйткені ол өрт қауіпсіздігі талаптарына қайшы. Ал осы күйінде қалдырайын десе, тағы да ұрлық болмасына кепіл жоқ. Айта кету керек, тәртіп сақшыларының тірек бекеті осы маңнан бір қадам жерде орналасқан.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=insefTBVXeU[/youtube]