Созақта сазан балығы өсірілуде

692

Оңтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес Созақ ауданындағы Бабата су қоймасына 100 мың шабақ жіберілді. Бұл бастама облыс әкімінің «2015-2016 жылдарға арналған облыста балық шаруашылығын дамыту» бағдарламасы негізінде «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының қаржыландыруымен іске асуда.

010

Балық шаруашылығын қолға алған «KazColdFish» ЖШС басшыларының айтуынша, сазан тұқымдас 100 мың шабақ жыл соңына қарай бір келіге жуық салмақ қосады. Оларды күтімге алатын арнайы ихтиолог мамандар да бар. Жұмыс толығымен іске қосылғанда 15-ке жуық азамат жұмыспен қамтылмақ. Кәсіпорын алдағы уақытта балық өнімдерін ұқсататын цехтар ашып, өнімдерін экспортқа және өзіміздің нарықты қамтамассыз етпек.

011

Аудан халқы дәрумені мол саналатын сазан етінде дастархан мәзіріне қосатын болады. Тау баурайындағы өзен, көлдерде балық өсіруді қолға алар азаматтар болса бұл әжептәуір кәсіп көзі болмақ. Аса көп шығынды қажет етпейтін бұл сала, тек уақтылы арнайы жемін шашып тұрса, көл-көсір табыс әкелетіні анық.

Дереккөз: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі