Су тасуға қатысты оқу-жаттығу өтті

278

010

Шымкенттегі Қосдиірмен каналының суы арнасынан асты. Соның салдарынан осы маңдағы үйлерді су алып кетті. Тасқын суды тоқтату үшін әскерилер құм толтырылған қаптармен бөгеттер тұрғызып жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=IAozP5ubgxw[/youtube]

 

Тілсіз жаудан абдырап қалған тұрғындарға медициналық көмек көрсетіліп, қауіпсіз аймаққа оқшаулануда. Бұл — осы маңда өткен су тасқынының алдын алу үшін ұйымдастырылған республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың сценариі. Көктемгі оқу-жаттығуға 11 мекемеден 175 адам жұмылдырылды. 25 техника қатыстырылды.