Тек қымбат көліктерді ұрлап жүрген жігіт ұсталды

342

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері қымбат бағалы шетелдік көліктерді айдап кетіп жүрген 24 жастағы күдіктіні құрықтады. 2015 жылдың 24 қаңтарында Әл Фараби полиция бөліміне 38 жастағы жергілікті тұрғын шағымданып келеді. Ол түн ішінде Қонаев даңғылында орналасқан үйінің ауласынан белгісіз біреу оның «Лексус-570» маркалы автокөлігін айдап кеткені туралы арызданған. Жәбірленуші көлігінің құнын 30 мың АҚШ долларға бағалайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=aMUei5TvoHs[/youtube]

Арада екі апта өткенде осындай арызбен Шымкент қаласы, Қаратау ауданының 48 жастағы тұрғыны полиция бөліміне арызданған. Жәбірленуші тәртіп сақшыларына 13 ақпанда «Нұрсәт» шағынауданындағы үйдің ауласынан тұрған «Тойота Лэнд Крузер» маркалы көлігі ұрланғанын айтады. Құны 82 мың АҚШ долларына бағаланатын бұл көлікті де белгісіз біреу айдап әкеткен.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері қымбат автокөліктерді айдап кетіп жүр деген күдікпен Шымкент қаласының 1991 жылы туылған түрғынын күдікті ретінде құрықтады.

001
24 жастағы күдікті

Тергеу барысында анық болғаны, күдікті автокөліктің есігін бұзбай ашып, айдап кетіп отырған. 24 жастағы жігіт есікті ашуда арнайы электрондық құрылғыны пайдаланған. Көлікті де сонымен оталдырған екен.

— Қолға түскен азамат негізінен қараусыз тұрақтардағы көліктерді және иесінің қарауынсыз қалған автокөліктерді таңдап келген- дейді ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Кенжебек Оңдасынов. — Осыдан соң ол көліктерді өзі Шымкенттен жалдап алған үйлердің ауласына тығып отырған. Соңында сол үйлердің бірінің аумағында полиция қызметкерлері күдіктіні қылмыс үстінде құрықтады.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы Кенжебек Оңдасынов
Криминалдық полиция басқармасының бастығы Кенжебек Оңдасынов

Тергеушілер қазіргі таңда күдіктінің 4 автокөлік ұрығына қатысы бар екенін анықтады. екі қылмыс 2014 жылдың соңына қарай орын алған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 300 мыңдай АҚШ долларын құрап отыр. Қазіргі таңда екі автокөлік және электрондық құрылғы айғақ зат ретінде алынды.

003
Ұрланған көліктер

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 200-бабы — «Автокөліктерді заңсыз айдап кету» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы бар-жоғын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.