Шымкенттегі «Жылу-энерго орталығы» көпқабатты үйлерге берілетін жылудың температурасын көтерді. Осыдан бір-екі күн бұрын сырттағы ауа-райы + 15 градусқа дейін көтерілуіне байланысты жылу беру температурасы азайтылған еді.
Қазір «Жылу-энерго орталығы» газ көлемі азайғандықтан, мазутпен жұмыс жасап жатыр. Ғаламтордағы мәлімет бойынша наурыздың екінші онкүндігінде күн салқын болады. Сондықтан жылу берушілер жылу температурасын әзірше түсірмейтін болды.