Шымкентте Қазақстан ұлттық театрларының ІІІ республикалық фестивалі аяқталуға жақын. Бүгін облыстық өзбек драма театы драматург Байғали Есенәлиевтың «Мұхаммед Хайдар Дулати» трагедиясын көрсетті. Ал бұған дейінгі 4 күн ішінде облыстық орыс драма театры Тахауи Ахтановтың «Ант» спектаклін ұсынған болатын.
Дәл осы ғимаратта республикалқ мемлекеттік кәріс музыкалық комедия театры Ж.Солтиеваның «Әйел махаббаты» спектаклін сахналады, 8 сәуір күні республикалық неміс драма театры Брехттің «Ия-Жоқ» шығармасын қойды.
Ал біздің жерлестеріміз, академиялық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театырының ұжымы қаламгер Мархабат Байғұттың «Қарлығаш әулие — Төле би» атты тарихи туындысын көпшілік назарына ұсынды.
Биыл 3-рет қолға алынған ұлттық фестивальдің жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 10 сәуір күні сағат 11:00-де, Шымкенттегі Астана даңғылы бойындағы алаңда өтеді деп жоспарланып отыр.