Жыл басынан бері облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне 57 қылмыстық іс түскен. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе аз.
Бұл туралы мамандандырылған ауданаралық сотының 3 айды қорытқан жиынында мәлім болды. Алайда мамандар кәмелет жасына толмаған азаматтарға қатысты істердің азаймай отырғанын айтады. Биыл 85 тұлғаға қатысты 51 үкімнің ішінде төрт үкім осы санаттағы азаматтарға қатысты. Онымен қоса жыл басынан бері сот өндірісінде қоғамдық пікір туғызған 5 іс болды.