Баспана кезегіне құжат қабылдау аяқталды

256

Тұрғын үй мәселесіне қатысты ақпарат. «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ-ның жолдамасымен баспаналы болу үшін биылға құжат қабылдау 13 сәуірден бастап тоқтатылды.

008

Қалалық тұрғын үй секторының мамандары нақтылағандай, биылға жалпы саны 1080 пәтер пайдалануға берілуі тиіс. Ал құжат тапсырғандар саны 2500 адамды құрайды.

Енді баспанаға құжат қабылдаудың келесі кезеңі 2016 жылы басталуы мүмкін. Ереже бойынша компания құжаттар қабылдауды кемінде 6 айдан астам уақыт бұрын жариялауы міндетті.

Еске сала кетейік, биыл Шымкентте баспанаға мұқтаж жандарға 1080 пәтердің кілті табысталады деп күтілуде.