Шексіз мүмкіндіктер — мүмкіндігі шектеулі жандарға. Енді мүмкіндігі шектеулі жандар осы сөздің растығына көз жеткізіп, ұшы-қиыры жоқ ақпараттар легіне қосылаа алады. «Beeline Қазақстан» компаниясы Шымкенттегі зағиптар кітапханасына тегін интернет желісін орнатып берді.
Бүгінде осы қайырымдылық жобасы аясында жылдам интернет желісін пайдаланушылардың саны 5000-ға жетті. «Beeline Business» брендінің әлеуметтік жобасы 2014 жылдан бері іске аса бастаған. Нарықтың корпоративтік сегментіндегі бірегей бренд мобильді және тиянақталған қызметтер көрсетеді.
Компания бағдарламасы бойынша Павлодар, Алматы, Шымкент және Петропавл, Қостанай және Өскемен қалаларындағы әлеуметтік мекемелер жылдамдығы жоғары интернетке қосылған. Бұл кітапхана – «Beeline» қамқорлығына алған сегізінші мекеме.
Асқарбек Қазыбек, «Beeline Қазақстан» компаниясының Шымкенттегі филиалының директоры: «Бізде «Жылы жүрек» деген жаңа интернет бағдарлама ашылып отыр. Осы бағдарлама арқылы «Үміт» мектебін қамқорлығымызға алып отырмыз. Осы кітапхананың келушілері, «Үміт» мектебінің оқушылары әр түрлі сұрағына жауап алады.»
Күн сайын бұл кітапханаға 50-ге жуық оқырман келеді. Бұл бағдарлама олардың кез келген ақпаратты табуға және оны жариялауға көмектеседі. Білімін жетілдіріп, біліктілігін арттырады. Яғни, қоғамнан тысқары қалдырмайды.
Ербол Әділбеков, І топ мүгедегі: «Көзі нашар көретіндер ақпараттың 90 пайызынан айрылады. Яғни, ол баратын жеріне бара алмайды, өзі жүре алмайды деген сияқты қиындықтар. Заманға сай интернет жүйесі үлкен көмек жасап отыр. Қазір бар ақпарат осы интернетте.»
shymkenttv.kz