Шымкентте бүкіл ел болып іздеген 1,5 жасар Данилдың анасы табылды. Ол азаматшаны бүлдіршін жатқан ауруханаға полиция қызметкерлері алып келді. Туған баласын бейтаныс әйелге тастап кеткен келіншек өз әрекетін түсіндіруден бас тартты.
Еске салайық, 25 наурыз күні туған анасы 1,5 жасар балдырғанды күтушіге қалдырған. Екі сағаттан кейін қайта оралатынына уәде бергенімен, қайтып келмейді. Бес күн бойы хабар-ошарсыз кеткен соң күтуші күдерін үзіп, наурыздың 30-ы күні полицияға хабарлаған. Ал тәртіп сақшылары «көкек» анаға іздеу жариялап, қылмыстық іс қозғайды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hda7rHE1BU8[/youtube]