Облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр 2015 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Мәжіліс кезінде Е.Садыр өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,9 пайызға артып, 138,4 млрд теңгені құрағанын, «Индустрияландыру картасына» енген жобалар бойынша 12,1 млрд теңгенің өнімі өндірілгенін айтты. Сондай-ақ, биыл «Индустрияландыру картасы» аясында 33 жоба іске қосылып, үш мың жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлімдеді. Өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 177,6 мыңға жеткен.
— Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» арқылы 602,1 млн теңгені құрайтын 97 жоба қаржыландырылып, 132 жұмыс орны ашылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 10,1 млрд теңгенің 30 жобасы мақұлданып, 342 жұмыс орны ашылды. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы 7 мың кәсіпкерге көмек көрсетілді. Оның ішінде 335 кәсіпкер рұқсатнама құжаттарын алды, 2280 адам оқытылды ‒ деді Е.Садыр.
Облыста биыл 114 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. 30 га жылыжай салынған, «Сыбаға» бағдарламасы аясында шаруалар 1329 бас ірі қара мал алыпты.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша облыста құрылыс жұмыстарының көлемі 18,1 пайызға артқан. Тұрғын үй құрылысына 3,7 млрд теңге инвестиция бағытталып, іске қосылған тұрғын үйлердің алаңы 72,7 мың шаршы метрді құраған.
Сонымен қатар жұмыспен қамту орталықтарына 12508 адам өтініш бірдіріп, олардың 6712-сі тұрақты жұмысқа орналасты.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі