Өңірімізде ауа райы қайта жылынған соң егіс науқаны қайта жалғасты. Биыл өңірімізде жалпы егіске 806 мың гектар жер бөлінген. Ал бұл — өткен жылға қарағанда 30 мың гектарға кең.
Наурыздың соңында ауа райының күрт бұзылып, қар жаууы салдарынан дихандар дала жұмыстарын тоқтатуға тура келген. Енді алқап құрғап болғандықтан, техникалар үзіліссіз жұмыс істеуде.
Биыл шаруалардың көбісі жем-шөп дақылдарын өсіреміз деп отыр. Ал мақта алқабының көлемі аз. Сонымен қатар көкөніс, жеміс бақшаларына биыл ерекше назар аударылады дейді сала мамандары.