Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үздік интелектуалдар анықталуда

320
Үздіктері ел құрамасынан орын алады

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы ел чемпионаты биыл да Шымкентте өтуде. Әйелдер және ерлерді қосқанда елуге тарта қатысушы жиналған. Интеллектуалдар еліміздің тоғыз облысынан келіп отыр.

Надежда Трофимова осыған дейін Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атана білген.
Надежда Трофимова осыған дейін Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атана білген.

Надежда Трафимова екі жылдық үзілістен кейін шахматтан жарысқа қайта қатысуға бел буыпты. 80-ге таяп қалған қария осыған дейін зағип жандар арасында ел чемпионы атанып та үлгерген. Ляззат Тажиеваға бапкерлік еткен шахматшы биыл да үздіктер қатарынан көрінсем дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=OPVuWuMpYRk[/youtube]

Надежда Трафимова: «Жеңіске жетуге тырысамын ғой. Бірақ үзіліс болып, бұл ойынды кейінге сырып қойған едім. Ол уақыт ішінде қандай спортшылар пайда болғанын білмей отырмын. Дегенмен, облыс намысын қорғауға тырысамын.»

Көзі нашар көретін шахматшыларға арналған тақтайшаны тек шет елден ғана сатып алуға болады
Көзі нашар көретін шахматшыларға арналған тақтайшаны тек шет елден ғана сатып алуға болады

Көзі нашар көретін шахматшылардың тақтайшасы да өзгеше. Әр мүсіннің түбінде арнайы құрылғы, ал тақтайшада тесіктер бар. Осылайша мүмкіндігі шектеулі шахматшы ойындағы әр қадамын бақылай алады.

Айта кету керек, ел чемпионатында барлық спортшыларды арнайы сағат және шахмат тақтайшасымен қамтамысз ету оңай емес. Қарапайым жаттығудың өзіне тапшы. Шетелден тапсырыс бойынша сатып алуға мәжбүр.

Үздіктері ел құрамасынан орын алады
Үздіктері ел құрамасынан орын алады

Республикалық сынақ алдағы халықаралық жарыстарға іріктеу деуге де болады. Жарыс сәуірдің 30-ына дейін жалғасып, чемпиондар сол күні белгілі болады.