Мектепке қару апарған оқушы жазаға тартылмауы мүмкін

495

Суық қарумен қолға түскен оқушылардың ісін облыстық ішкі істер департаментінің мамандары араласты. Қазіргі таңда жаға ұстатар жағдай тергеліп жатыр. Белгілі болғаны, оқушы баланың сыныпқа қару әкелгенін мұғалімнің өзі байқап, полицияға хабар берген.

009

Бұл оқиға қаладағы №39 мектепте орын алған. Білім ордасына келген ювеналдық бөлімінің инспекторлары оқушының сөмкесінен алдымен ойыншық тапанша тауып алады. Кейінен өзі мойындап, пневаматикалық тапаншасының барын айтқан. Жеткіншектің айтуынша, тапаншаны қоқыстан тауып алған.

Қазір осы жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша қаруды, оқ дәрілерді тасымалдау немесе алып жүру бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, егер оқушының қаруды шынында да қоқыстан тауып алғаны дәлелденсе, жеткіншек жазаға тартылмауы да мүмкін.