Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде бос орындар конкурсы өтті

Комиссия мүшелері

Бүгін су жаңа агенттік жұмыс орындарына үміткерлерді қабылдады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 17 мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жариялаған болатын.

Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері

Агенттікке бас-аяғы 41 талапкер құжат тапсырған. Соның 37-і конкурстың әңгімелесу кезеңіне өте алды. Талап қатал болғандықтан, үміткерлер қатты қобалжыды. Айта өтейік, департамент басшылары мен қызметшілері, облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен конкурстық комиссия өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар
Конкурсқа қатысушылар

Қанат Сапарбеков, ҚР мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ОҚО бойынша департаменті персоналмен жұмыс жасау бөлімінің басшысы: «Қойылатын негізгі талаптың бірі — үміткердің білімі жоғары және мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі болу керек. Конкурс сұхбаттасу түрінде өтті. Оған тек 9-10 заңнан құралған тестілеуден өткендер ғана қатыса алды. Енді қорытынды комиссия мүшелерінің шешімінен соң белгілі болады.»

Қанат Сапарбеков - ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ОҚО бойынша департаменті персоналмен жұмыс жасау бөлімінің басшысы:
Қанат Сапарбеков