Úı Jańalyqtar Мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жарияланды

Мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жарияланды

фото ШӨКҚ

Шымкент қаласының әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жарияланды. Конкурсты Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырып отыр.

Аталмыш конкурстың негізгі мақсаты — әлеуметтік кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру болып табылады. Қатысу үшін өтінім қабылдау мерзімі:
2024 жылғы 4 қазаннан бастап 2024 жылғы 11 қазанға дейін.
Өтінімдерді қабылдау: «kezekte.kz» порталы арқылы электронды түрде.
Қосымша ақпарат алу үшін:
— Мекенжай: Шымкент қаласы, Н. Назарбаев даңғылы 10.
— Электрондық пошта: msb_shymkent@mail.ru
— Байланыс телефоны: 8 (7252) 24-74-22.
Ескерту: Конкурстық өтінімдер тек көрсетілген мерзімде қабылданады!