«Менің Қазақстаным» пойызы Сарыағашқа келді

460

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған «Менің Қазақстаным» пойызы Түркістан қаласынан Сарыағаш қаласына келді. Пойыздағы түрлі сала мамандарын сарыағаштықтар үлкен қошеметпен күтіп алды.

003

317 мың тұрғыны бар ауданда Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадов қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады. Ал дәрігерлер аудандық емханада екі жүзден астам науқасты қабылдады.

Мәдениет, спорт саласының саңлақтары мен қаржы мамандары жергілікті тұрғындар үшін арнайы семинар-тренингтер өткізді. Шара түстен кейін де жалғасын табады. Ал кеше Ескендір Хасанғалиев бастаған бір топ әншілердің қатысыуымен Сарыағаш қаласында гала-концерт өтеді деп күтілуде.

002

Айта кету керек, «Менің Қазақстаным» пойызы 30 күнде Қазақстаннның 29 елдімекенінде аялдап, 22 сәуірде Астана қаласына оралады.

001

004

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі