Шымкентте мешітке түскен ұры да іздестірілуде. Адам түгілі Алладан айылын жимаған адам жамағаттың қайыр-садақа үшін берген ақшаны ұрлап кеткен. Кеш қараңғысында мешіттің алдындағы жәшікті бұзып ашқан адамды қазір Әл Фараби полиция бөлімінің криминалистері іздеп жатыр.
Естіген елдің жағасын ұстатқан оқиға 8 сәуір күні Сәуле шағынауданында орын алды. Ұры сағат кешкі 8-де мешіт имамының тұрғындардың сұрауы бойынша Құран аяттарын оқуға кеткен сәтінде арам ниетін іске асырып кетіпті. Өкінішке орай, Алланың ақ үйіне орнатылған бейнеқондырғыға ұрының бет-бейнесі жазылмай қалыпты.