Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтіп жатыр. Таңғы сағат 07.00-ден бастап оңтүстіктің 1029 сайлау учаскелері ашылып, күнгейліктер өздері қалаған кандидатына кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ZqT9_mML1Wg[/youtube]

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов сағат 9:00-де, облыс орталығындағы № 95 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде 1727 сайлаушы бар. Алғашқы сағаттарда-ақ, олардың 20-30 пайызы дауыс беріп үлгерген.

Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі: «Егеменді еліміздің тарихында тағы бір елеулі оқиға орын алып отыр. Бүгін барша қазақстандықтар ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына белсене қатысуда. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да қазақ елімен бірге өз таңдауларын жасауда. Сайлаушылар өздерінің құқығын қолдана отырып, Қазақстанның болашағына байланысты, өздерінің болашағына байланысты өз таңдауларын жасап жатыр. Ал енді бұрындарғы сайлауды алатын болсақ, оңтүстікқазақстандықтар белсенділігін көрсеткен. Бүгінде белсенділік танытатындарына сенімдімін».