ОҚО-да алғашқы екі сағатта 60 мыңға жуық азамат дауыс берді

275

Саяси додаға оңтүстікқазақстандықтар белсенді қатысуда. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық сайлау учаскесінің төрағасы Әлібек Өмірәлиев хабарлады. Әр екі сағат сайын облыстағы 1029 сайлау учаскесінен мәлімдеме алып отырған орталықтың жұмысы қарқын алған.

 

орталық сайлау учаскесіндегі жұмыс
орталық сайлау учаскесіндегі жұмыс

Айта өтейік, оңтүстікте дауыс беруге құқылы 1 млн.255 мың 634 адам дауыс береді деп күтілуде. Оларға қызмет көрсету үшін барлық сайлау учаскелері сақадай сай. Күнгейде халықаралық бақылаушылардың да саны басым.

vlcsnap-2015-04-26-11h05m20s130Әлібек Өмірәлиев, ОҚО орталық сайлау учаскесінің төрағасы: «Барлық сайлау комиссияларының мүшелері тиісті деңгейдегі дайындықтан өткен. Бүгінгі таңда сайлау процесін заң шеңберінде таза өткізуге дайын. Бүгін сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары да үлес қосуда. Егер қандай да бір сайлаушы тізімде болмай шықса, бір пәсте, яғни 5-10 минутта базадан тауып, сайлауға құқық беріледі. Мұндай қызмет бұрын соңды болмаған. Әр екі сағат сайын мәлімет жиып отырмыз. Оның барлығы Астанаға беріп отырмыз».