Шымкентке саяхат (фоторепортаж)

2120
Logo-Shymkent
Фото: //pr-d.kz

Шымкентке саяхат

Бісміллә деп, туған қаламызға саяхатты мұсылмандар үшін қасиетті орын – мешіттен бастадық. Шымкенттегі, жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең үлкен мешіт қаланың батыс жағында орналасқан. Темірлан тасжолының бойындағы Алланың үйінде бір мезетте 5000-ға жуық адам Құдайға құлшылық ете алады.

Шымкентке саяхат
Шымкенттің орталық мешіті

Мешіттің құрылысы Елбасы ұсынысына сәйкес Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Шейх Халифа бин Зайед Әл Нахайянның қолдауымен жүзеге асты. 1 млрд 622 млн теңге жұмсалған мешіттің жалпы аумағы – 2,7 гектар, ал мешіттің өзі – 8516 шаршы метр.

Ғимараттың қос қабатты аумағы 3699,4 шаршы метрді, ал күмбезі 3702,3 шаршы метрді құрайды. Мұнда кең дәрет алу залы, имамның үйі, қазандық бөлмесі бар.

**********************

Металлургшілер саябағы
Металлургшілер саябағының 1 мамыр көшесі жақтағы қақпасы

Мешіттен кейін Гагарин көшесімен қаланың шығысына қарай бет аламыз. Жолда бізге Металлургшілер саябағы кездеседі. Бұл – Шымкенттегі көне саябақтардың бірі. Қорғасын зауыты маңынан сонау 1930-жылдары ашылған. Кейінірек саябақтан Металлургшілер сарайы да ашылып, түрлі мәдени шаралар өтті.

Металлургшілер саябағы
Алаңсыз ойнап жүрген сәби

Соңғы жылдары қараусыз қалып, біраз тозғанымен, 2000-жылдардың басында билік өкілдері саябақтарға назар аударып, қаладағы көпшілік демалыс орындары бір түлеп қалды. Солар секілді Металлургтер саябағы да жаңарды. Қазір осы маңдағы халықтың сүйікті орнына айналып отыр. Көлемі шағын саябақта үлкен ағаштар жетерлік. Және тып-тыныш.

Металлургшілер саябағы

******************

Металлургтер саябағынан шыққан соң әрі қарай серуенімізді жалғастырамыз. Ендігі нысан – Абай саябағы. Шымкенттегі ең әйгілі орындардың бірі.

Абай саябағы
Абай саябағы
Абай Құнанбайұлы
Қазақтың ұлы ойшыл-ақыны

Ұзақ жылдар бойы ең үлкен саябақ атанып келген бұл жер қалалықтардың демалып, сергіп қайтатын ең сүйікті орны. Соңғы уақытқа дейін түрлі аттракциондар болғанымен, олардың тозғанын ескерген билік түгел дерлік алып тастады. Алып әткеншек те сол кезде кетті. Мұның барлығы қауіпсіздік үшін жасалған шара болатын. Есесіне саябақ қайта түлеп, жаңа егілген жас ағаштар көбейді. Саябақ негізінен жаяу серуендеп, тыныш демалатын орынға айналды.

Абай саябағы
Саябақ ортасындағы субұрқақ

Абай саябағы

Абай саябағы
Негізгі серуен жолы

Абай саябағы

Абай саябағы
Саябаққа жастар көп келеді

**********************

Абай саябағындағы өзгерістердің бірі әрі бірегейі – әйгілі Даңқ мемориалы. Жалпы аумағы 2 гектарға жуық кешенде өзара бір композицияға жиналған ескерткіштер Абай саябағының көркін аша түсті.

Мәңгілік алау" ескерткіші
«Мәңгілік алау» ескерткіші

Даңқ мемориалы 2010 жылдың 7 мамыр күні Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында салтанатты түрде ашылды.

Мәңгілік алау" ескерткіші
«Мәңгілік алау» ескерткіші

Мемориал осында ұзақ жылдар бұрын салынған және толығымен жөндеуден өткен «Мәңгілік алау» ескерткішінен басталады.

Даңқ мемориалы
Даңқ мемориалы

Даңқ мемориалы

Әрі қарайғы композицияны Даңқ аллеясы жалғастырады. Мұнда екі қапталдағы тақтайшаларға Ұлы Отан соғысына аттанған 140 000-нан астам жауынгердің есімі қашап жазылған. Қарт сарбаздар мен боздақтардың тең жартысына жуығы қан майданнан қайтып оралған жоқ…

Даңқ аллеясы

Даңқ аллеясы
Даңқ аллеясы
Ардагерлер аллеясы
Ардагерлер аллеясы

Айта кету керек, сол кездегі облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың Даңқ мемориялын салу туралы ұсынысын облыстың барлық кәсіпкерлері қолдап, жалпы құны 220 млн теңге болған ескерткіштің құрылысына ақша бөлген.

«Жұлдыз» ескерткіші
«Жұлдыз» ескерткіші

Кешеннің орталығында «Жұлдыз» ескерткіші орналасқан. Оның екі жағындағы қызыл гранитте Кеңес Одағының 51 батыры мен Даңқ орденінің 8 толық иегерінің, бір Халық қаһарманының есімдері жазылған.

«Жұлдыз» ескерткіші
Ұлы Отан соғысы батырларының есімдері

«Жұлдыз» ескерткіші

Көбелек
Ескерткіш аралап жүріп, қалықтап жүрген көбелекті көріп қалдым

Композицияны кәдімгі жауынгерлік ұшақ жалғастырып тұр. Аспанға тік ұмсынған ұшу кемесі – СУ-7Б бомбалаушы-истребителі. Соғысқа қатысқан авиатор-ұшқыштарға арналған ескерткіш осыдан 40 жыл бұрын Чугуев пилоттар мектебінің түлектеріне арнап ашылған.

авиатор-ұшқыштарға арналған ескерткіш
Авиатор-ұшқыштарға арналған ескерткіш

1942-1945 жылдар аралығында осы мектептің ұжымы Шымкентке көшіріліп әкеліп, жұмысын жалғастырды. Тіпті, Кеңес Одағының үш мәрте батыры атанған әйгілі ұшқыш Иван Кожедубтың өзі осы мектепте инструктор болып жұмыс істеді. Ұшақ ескерткіші Ордабасы алаңында ашылғанда келіп қатысты.

авиатор-ұшқыштарға арналған ескерткіш

Шымкенттің сол кездердегі символының біріне айналған осы ескерткіш 2010 жылы Абай саябағына көшіріліп, Даңқ мемориалының бір құрамдас бөлігі ретінде орнын тапты…

авиатор-ұшқыштарға арналған ескерткіш

Абай саябағы
Абай саябағының шығыс жағы

Саябақтың оңтүстік беткейінде ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш бар. Өз алдына топтасқан шағын кешен ауған жерінде қаза тапқан боздақтарды еске алуды үнсіз сұрайды.

ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш
Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш

ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш

Мұндағы негізгі ескерткіште алып жүрекке оқ тиген сәті бейнеленген. Қасында сарбаздың сары шинелі жатыр.

ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш

ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш

ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш

Әрі қарай ауған соғысында қолданылған қарулар тізбектеліп қойылған.

Shymkent (41)

Shymkent (42)

Shymkent (43)

Shymkent (46)

Shymkent (47)

ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш

 

Ал кешеннің соңғы жағында тәжік-ауған шекарасында опат болған жауынгерлерге арналған ескерткіш тұр.

тәжік-ауған шекарасында опат болған жауынгерлерге арналған ескерткіш
Тәжік-ауған шекарасында опат болған жауынгерлерге арналған ескерткіш

тәжік-ауған шекарасында опат болған жауынгерлерге арналған ескерткіш

Ескерткіш 2015 жылы ашылды. Осыдан 21 жыл бұрын Пшихавр шатқалында Кеңес әскеріне моджахеттер шабуыл жасаған болатын. Ұрыс кезінде 17 боздақ мерт болды, тек біреуі ғана аман қалды.

тәжік-ауған шекарасында опат болған жауынгерлерге арналған ескерткіш

тәжік-ауған шекарасында опат болған жауынгерлерге арналған ескерткіш

тәжік-ауған шекарасында опат болған жауынгерлерге арналған ескерткіш

*******************

Абай саябағының солтүстік-батыс жағында Оңтүстік циркі орналасқан. 2011 жылы тәуелсіздік мерекесі кезінде салтанатты түрде ашылған ғимарат әлемдік талаптарға сай жабдықталған.

Оңтүстік цирк
Оңтүстік цирк

1200 көрермен сиятын мекеменің 11 бөлімінде 145 қызметкер жұмыс істейді. Бұған дейін қалада арнайы цирк ғимараты болмаған еді. Енді, міне, сол олқылықтың орны толып, Шымкенттке жыл сайын бірнеше цирк ұжымы гастрольмен келіп, айлап өнер көрсетеді.

Оңтүстік цирк

***********

Цирктің жанынан ұлттық теннис орталығы орын тепкен. Орталық 2012 жылы ашылған. Содан бері республикалық және халықаралық жарыстар өтіп тұрады.

ұлттық теннис орталығы
Ұлттық теннис орталығы

ұлттық теннис орталығы

Жабық, жартылай жабық және ашық теннис корттары бар. Мұнда тек жарыстар ғана өтпей, жас таланттар да теннис өнерінің қыр-сырына жаттығады.

Shymkent (12)

ұлттық теннис орталығы

Абай саябағы
Саябақтың осы тұсынан қаланың биік үйлері әдемі көрінеді

********************

Аумағы 52 гектар саябақтан шығып, Бауыржан Момышұлы даңғылы бойымен шығысқа қарай жүрсек, Тәуке хан даңғылымен қиылысамыз.

Тәуке хан даңғылы
Тәуке хан және Бауыржан Момышұлы даңғылдарының қиылысы
Республика даңғылы
Республика даңғылының басы

Осы жерде әйгілі Қызғалдақ субұрқағы тұр. Бұл субұрқағы бұрыннан бар. Тек 2010 жылы ескі фонтанның орнына қызғалтақ бейнесінде қайта бой көтерді.

Қызғалдақ субұрқағы
Қызғалдақ субұрқағы

Содан бері Шымкенттің символдарының біріне айналып, қалалықтардың, әсіресе, балалардың сүйікті орны болып шыға келді. Биіктігі 10 метрден асатын субұрқақтың қазіргі қалпын ойлап тапқан сәулеткерлерге шымкенттіктер осы күнге дейін алғыс айтады.

Қызғалдақ субұрқағы

Бұл қиылыста Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының ескерткіші де тұр.

Бауыржан Момышұлының ескерткіші
Бауыржан Момышұлының ескерткіші

**********

Осы тұста айта кетерлік жайт – қаланы тек көлікпен ғана емес, велосипедпен де аралауға болады. Ол үшін жеке велосипедіңіз болмаса, «Shymkent Bike» жобасының велосын жалға алуға болады. Шымкент әкімдігі мен «Самұрық Қазына» АҚ бірге іске асырған жоба биылғы 10 шілде күні ашылды.

«Shymkent Bike» жобасы
«Shymkent Bike» станциясы

Бүгінде Шымкентте 200 велосипедке арналған 40 тұрақ бар. Қазір жаңа станциялар салынуда. Қала көшелерінің бойынан велосипед тебушілерге арналған жолақтар белгіленді.

«Shymkent Bike» жобасы

Кетіп бара жатып, ту сыртымнан шыға келген велосипедшіні суретке түсіріп үлгердім.

«Shymkent Bike» станцияларын алыстан-ақ көруге болады. Ол үшін жер-жерде арнайы тақтайшалар жол сілтеп тұр. Бір жылдық абоненттік картаны 10 000 теңгеге сатып алуға болады. Ал айына – 1000 теңге.

«Shymkent Bike» жобасы

Ал ең бастысы – картаңыз болса, велосипедті шешіп алып, алғашқы жарты сағат тегін айдауға болады.

«Shymkent Bike»

Осы уақыт аралығында келесі станцияға жетіп, велосипедті бекітіп үлгерсеңіз, келесісін тағы жарты сағат тегін мінесіз. Осылайша жалғасып кете береді.

«Shymkent Bike»

«Shymkent Bike» жобасы

«Shymkent Bike» жобасы

Әр станция велосипедтер тұрағы, басқару жәшігі мен күннен қуат алатын батареядан тұрады. Жәшікте осы станцияның атауы мен Шымкенттегі барлық станцияның атауы және картадағы сызбасы көрсетілген.

«Shymkent Bike» жобасы

Міне, мына бір станцияда бір-ақ велосипед қалыпты. Мүмкін, адам аяғы қалың көше болғандықтан шығар. Бұл – Тәуке хан даңғылының бойы, Қонаев даңғылына жақын жер.

Shymkent (97)
Тәуке хан даңғылының бойы

Тәуке хан даңғылының бойы

Тәуке хан даңғылының бойы

************

Осы Тәуке хан даңғылының бойымен сәл жүрсек, Орталық саябақтан шығамыз.

Орталық саябақ
Орталық саябақтың Тәуке хан даңғылы беті

Орталық саябақ

Орталық саябақтың үш көлік тұрағы бар. Тәуке хан даңғылы жақтан келсеңіз, «Шара-Бара» редакциясы мен гүл сататын павильонның арасында, Қазыбек би көшесінен бұрылғандарға сатира және әзіл театрының қасында көліктерге орын бар. Ал Түркістан көшесі жақтағы тұрақ жолдың бойында орналасқан.

Орталық саябақ
Орталық саябақ
Орталық саябақ
«Алло, қалайсың?»

Шаңқай түс болса да саябақта бос орындық жоқ деуге болады. Себебі, мұнда үлкен ағаш мол, көлеңке қалың.

Орталық саябақ
Орталық саябақ

Орталық саябақ

Балаларға арналған алаңшада сәбилер ойнап жүрсе, жеткіншектер мен жастар түрлі сигвэйлер мен велосипедтерді теуіп жүр.

Орталық саябақ

Ал шахмат ойнайтындар өз алдарына бір әлем. Олар ашық далаға орындық пен үстел алып шығып, жайғасқан.

Орталық саябақ

Селфи жасаушылар бұғылар отбасы мен аюларды, алып алма мен глобуспен суретке түсе алады.

Орталық саябақ
Алып алма. Шымкентте

2012 жылы орталық саябақ толық жаңартылды. Оған жергілікті бюджеттен 82 миллион теңге бөлінген. Соның нәтижесінде саябақта қаптаған коммерциялық нысандар сүріліп, көркі ашылып қалды. Жалпы, орталық саябақ 1925 жылы ашылған.

Shymkent (74)

Shymkent (75)

Орталық саябақ

Орталық саябақ

Shymkent (82)

Shymkent (83)

Shymkent (84)

Shymkent (85)

Shymkent (86)

Орталық саябақ

Орталық саябақ

Shymkent (89)

*************

Орталық саябаққа жақын маңда «Шәмші әлемі» гүлзары жайқалып жатыр. Бұрын бұл жер «Көл» базары болған. 2007 жылдан бастап осындағы сауда қатарлары жабыла бастады. Шағын гүлзарға «Түркістан» атауы берілді.

"Шәмші әлемі" гүлзары
«Шәмші әлемі» гүлзары

"Шәмші әлемі" гүлзары

Содан кейін 2010 жылы басында тұтас жаңаруға бет алған биліктің бастамасымен базар толық жабылып, орнына әп-әдемі гүлзар салынды. Сол жылы Қазақтың бірутыр сазгері Шәмші Қалдаяқұлының ескерткіші қойылып, алып сахна салынды.

Shymkent (101)

Шәмші Қалдаяқұлының ескерткіші

Содан бері вальс падишахының әндерін еске алуға арналған «Менің Қазақстаным» ән байқауы жыл сайын осы «Шәмші әлемі» аллеясында өтіп тұрады. Бұл гүлзардың өзінің субұрқағы да бар.

"Шәмші әлемі" гүлзары

Shymkent (104)

Shymkent (105)

Shymkent (106)

Shymkent (109)

Shymkent (110)

Shymkent (111)

"Шәмші әлемі" гүлзары

Шәмші гүлзарының қасында неке сарайы тұр. Салтанат сарайы 2010 жылдың күзінде ресми түрде ашылды. Осыған орай өткен салтанатты шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп, осы күні үйлену тойларын өткізіп жатқан жас жұбайларға сыйлығын тару етті.

Неке сарайы
Неке сарайы

Қалада бұрын-соңды болмаған Неке сарайын «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» жобасы аясында «Береке-А» корпорациясы салды. Жеке кәсіпкер бұл құрылысқа 240 миллион теңге жұмсалған.

Неке сарайы
Жас жұбайлардың қыдыруына дөп келіппіз

Неке сарайы

************

Шымкенттегі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би атындағы үш көшенің қиылысында Ордабасы алаңы орын тепкен. Осы алаңның қақ ортасында тәуелсіздік монументі алыстан мен мұндалайды.

Тәуелсіздік монументі
Тәуелсіздік монументі

Биіктігі 24 метрге жететін мұнараның төбесінде қолын көкке соза ұмтылған Жер-Ана ескерткіші тұр.

тәуелсіздік монументі
Тәуелсіздік монументі

Бұл – тәуелсіздіктің бір символы дейді авторлары Бақытжан Әшірбаев пен Насыр Рүстемов. Кешенді салуға облыс кәсіпкерлері 48 миллион теңгені аяған жоқ. Тәуелсіздік монументінің ашылуына 2009 жылдың 22 қыркүйегі күні Елбасы келіп, қатысты.

Shymkent (118)

Shymkent (119)

Shymkent (121)

Тәуелсіздік монументі

Осы алаңнан жоғары қарай Тәуелсіздік саябағы орын тепкен. Шымкенттегі ең ірі саябақ Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ашылды.

Тәуелсіздік саябағы
Тәуелсіздік саябағына апаратын көпір

Тәуелсіздік саябағы мен монументінің арасын мемлекеттік рәміздер алаңы және ұзындығы 104 метрді құрайтын көпір қосып тұр.

Тәуелсіздік саябағы

Тәуелсіздік саябағы

Shymkent (125)

Тәуелсіздік саябағы
Шымкент көпірдің үстінен қарағанда

Алып саябақтың салтанатты ашылу шарасына мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Саябақ қаланың Қабанбай батыр көшесіндегі төбенің жазығында орын тепкен.

Shymkent (127)

Тәуелсіздік саябағы

Көлемі 5,8 гектар алқапты құрайды. 15 метрлік қақпасынан әрі қарай 1991 жылдан бүгінге дейін Қазақстанда болған тарихи маңызды оқиғалар тасқа қашалып жазылған.

Shymkent (129)

Shymkent (130)

Shymkent (131)

Shymkent (132)

Тәуелсіздік саябағы

«Ел бірлігі” монументі мен тәуелсіздік шежіресі аллеясы салынды. «Алтын шаңырақ» тәуелсіздік монументі тағы бар. Қазақстандағы барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің барельефі бейнеленген алып гранит тұғырдан 137 тік тіреуден тұратын композиция көтеріліп, шаңырақты ұстап тұр. Ондағы 137 тіреу еліміздегі 137 ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымақ пен бірлікті ту етіп, бейбіт өмір сүріп жатқанын білдіреді.

Shymkent (135)

Саябақтың құрылысына жалпы сомасы 680 миллион теңге жұмсалды. Оның 373,5 миллион теңгесі облыс бюджетінен бөлінсе, қалғаны бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында кәсіпкерлер қаржысымен жүзеге асты.

Тәуелсіздік саябағы

2014 жылы саябақтың авторлары – Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевтар тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылды.

*************

Осы жерден бағытымызды кілт бұрып, қаланың екінші жағына бет алсақ. Шымкенттің солтүстік қақпасына жақын жерден таяуда ғана «Жайлаукөл» демалыс аймағы ашылды.

"Жайлаукөл" демалыс аймағы
«Жайлаукөл» демалыс аймағы

Shymkent (168)

Shymkent (167)

"Жайлаукөл" демалыс аймағы

Бұрын бұл маңда Тұлпар көлі болған. Былтырдан бері бұл шомылатын орын жабылып, қайта құру жұмыстары басталды. Енді, міне, 2016 жылдың 25 тамызы күні ресми түрде ашылды. Кәсіпкерлер бұл аймаққа 500 миллион теңгеге жуық инвестиция құйған.

"Жайлаукөл" демалыс аймағы

Мұндағы жаңалық сол – көлге енді шомылуға рұқсат жоқ. Оның орнына катамаранды жалға алып, серуендеуге болады. Балғындар мен бүлдіршіндер үшін 20-ға жуық аттракцион қызметі дайын.

"Жайлаукөл" демалыс аймағы
Алып әткеншектің үстінен қарағанда…

Shymkent (165)

Shymkent (164)

Shymkent (162)

"Жайлаукөл" демалыс аймағы

Ал ең басты аттракцион – алып әткеншек. Биіктігі 50 метр бұл әткеншек Орталық Азиядағы ең биігі деп сендіреді демалыс аймағының басшылары.

Shymkent (153)
Ипподром
Shymkent (154)
Қайтпас шағынауданы
Shymkent (155)
Академқалашықтың үйлері

Shymkent (156)

Shymkent (152)
Зообақтың сафари бөлігі

Shymkent (151)

"Жайлаукөл" демалыс аймағы

Демалыс аймағы әрі қарай Наурыз алаңы арқылы «Жайлаукөл» саябағымен жалғасады.

Shymkent (142)
Наурыз алаңы

Shymkent (143)

Shymkent (145)

Shymkent (146)

Shymkent (147)

Shymkent (148)

Наурыз алаңы
Наурыз алаңы

Shymkent (190)

Shymkent (189)

"Жайлаукөл" демалыс аймағы

Саябақ авторлары композициялар арасына көшті де сәтті ендіре алған. Көшті мұқият қарасаңыз, Қазақ жеріндегі ежелгі қалалардың басты ғимараттары бейнеленіп, аттары жазылған.

Shymkent (177)

Shymkent (176)

Shymkent (175)

Shymkent (174)

Shymkent (173)

Мұнда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент пен Қазақтың тарихындағы ірі тұлғалардың қанатты сөздері қашап жазылған балбал тастар бар.

Shymkent (172)

Shymkent (169)

Бәйдібек би ескерткіші

Осы маңнан шыққан жол биікке өрлеп, Бәйдібек би ескерткішіне апарады.

"Жайлаукөл" демалыс аймағы

Шымкенттегі ең биік ескерткіш 2012 жылдың күзінде ашылды.

Shymkent (179)
Бәйдібек би ескерткіші

Бәйдібек би ескерткіші

Ескерткіштің жалпы биіктігі – жерден алғанда 23 метр. Соның 10 метрін мүсіннің өзі құрайды. Салмағы тоғыз тонналық қола мүсін шығысқа қарап тұр.

Бәйдібек би ескерткіші

Аты – аңыз, сөзі өсиет болған баба ескерткішінің облыс орталығындағы ең биік орынға жайғасуы да тегін емес. Біріншіден, қалаға кіре беріс даңғыл жол Бәйдібек бабаның есімімен аталса, екіншіден, ескерткіш орнатылған бағытта Бәйдібек ауданы бар. Осы жерден Шымкенттің көп бөлігі алақанға салғандай көрінеді.

 

Shymkent (186)

Shymkent (185)

Shymkent (184)

Shymkent (183)

Shymkent (187)

*******************

Logo-Shymkent
Фото: //pr-d.kz

Шымкент үздіксіз жаңарып келеді. Қалада жоғарыда аралаған орындардан басқа Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ театры, опера және балет театры, орыс драма театры секілді мәдениет және өнер ошақтары, Кең баба саябағы, дендросаябақ пен зообақ секілді көптеген көрнекі орындар бар.

Олардың қатарын 2012 жылы ашылған Түркістан сарайы толықтырды. Ішіне 1400 көрермен сиятын бұл мәдениет сарайы облыстың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы маңынан орын тепкен. Мәртебелі қонақтарға арналған қосымша 54 орын, екінші қабатта шағын бар мен VIP-қатар бар. Сонымен қоса бұл аумақта облыс әкімдігінің 16 қабатты ғимаратымен қатар көрме орталығы, «Отырар» кітапханасы бар. Оларды аралаудың өзіне бір күн уақыт керек…

Фото – Нұрлан Бектаев