Оңтүстікте кене бас көтерді

797

Күн жылынып, көктем келісімен кенелер жайлай бастады. Облыс бойынша бүгінде 130 адамды кене шағып, олар медициналық көмекке жүгініп үлгеріпті. Ең көп кене шаққандар — Ордабасы, Отырар аудандары мен Кентау, Түркістан және Шымкент қалаларының тұрғындары.

007

 

Бірақ, Құдай сақтағанда қырым қанды безгегіне шалдыққандар тіркелмеді дейді дәрігерлер. Мамандар қазір эпидемиялық жағдай тұрақты, тиісті зерттеу шаралары жүріп жатыр дейді.

Айта кетейік, залалсыздандыру жұмысы 2 рет — көктем-күз айларын жүргізіледі. Биыл облыста 28 шаршы метр жер көлемінде кенеге қарсы залалсыздандыру шаралары ұйымдастырылады. Бұл мақсатқа 27 млн 121 мың теңге қаралып отыр.