Оңтүстікте саябақтар шеруі басталды

926
Фото: //yka.kz/

Сабыр Рахымов атындағы әскери мектеп-интернатында Сайрам-Өгем ұлттығ табиғи паркінің ұйымдаструымен жылда дәстүрлі түрде өткізілетін «Саябақтар шеруі» науқаны бастауын алды. Биыл осынау науқан үшінші рет өткізіліп отыр.

Фото: //yka.kz/
Фото: //yka.kz/

Жас рахымовшылар өз мектеп-интернатының аумағында 100-ге жуық көшеттер отырғызып, абаттандыру жұмыстарын өткізді. Сонымен қатар осы науқан аясында жастар «Экологияны аялайық!» тақырыбында шығармалар жазып, суреттер салды.

Үздік жұмыстардың авторлары ұлттық парк әкімшілігі тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталды. Айта кету керек, парктер шеруі тек Қазақстанда ғана емес, Ресей, Белоруссия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде де жыл сайын өткізіліп тұрады.