Оңтүстіктің у-шу шеберлері Қазақстанда бірінші орында

342
Облыс мақтаныштары

У-шудан Оңтүстіктің командасы үздік деп танылды. Ақтауда Синь хо мэнь бағыты бойынша өткен ел чемпионатында қалалық №11 шығыс жекпе-жек спорты мектебінің 7 шәкірті алтыннан алқа тағынды.

Чемпиондарды теміржол вокзалында жерлестеріміз арнайы күтіп алды. Сондай-ақ, Шымкенттің тағы 2 спортшысы күміс және 4 қоладан алқа тағып отыр.

Облыс мақтаныштары
Облыс мақтаныштары

Спортшыларымыз жарыс барысында у-шудың екі түрі бойынша сынға түсті. Оның бірі саньда болса, екінші таолу деп аталады. Ол дегеніміз — спортшылар бір-бірін тоқпақтың астына алып ғана қоймай, жарысқа қатысушылар арнайы әдістерді жекелей де көрсетті. Бұл жолы қыздар арасынан да жерлестеріміз топты жарды.

Оңтүстіктің қоржынына 7 алтын медаль салынды
Оңтүстіктің қоржынынжа — 7 алтын медаль

Бұл жолы жеңімпаз атанғандар жазда Азия чемпионатына жол тартады. Олардың арасында №11 шығыс жекпе-жек мектебінің бес шәкірті де бар. Жерлестеріміз аспан асты елінде жарқ етіп көріну үшін бүгінде дайындыққа қайта көшті.

Қыздар арасында да шымкенттіктер топты жарды
Қыздар арасында да шымкенттіктерге дес берер ешкім болмаыд