Оңтүстіктің у-шу шеберлері Қазақстанда бірінші орында

338
Облыс мақтаныштары

У-шудан Оңтүстіктің командасы үздік деп танылды. Ақтауда Синь хо мэнь бағыты бойынша өткен ел чемпионатында қалалық №11 шығыс жекпе-жек спорты мектебінің 7 шәкірті алтыннан алқа тағынды.

Чемпиондарды теміржол вокзалында жерлестеріміз арнайы күтіп алды. Сондай-ақ, Шымкенттің тағы 2 спортшысы күміс және 4 қоладан алқа тағып отыр.

Облыс мақтаныштары

Спортшыларымыз жарыс барысында у-шудың екі түрі бойынша сынға түсті. Оның бірі саньда болса, екінші таолу деп аталады. Ол дегеніміз – спортшылар бір-бірін тоқпақтың астына алып ғана қоймай, жарысқа қатысушылар арнайы әдістерді жекелей де көрсетті. Бұл жолы қыздар арасынан да жерлестеріміз топты жарды.

Оңтүстіктің қоржынынжа – 7 алтын медаль

Бұл жолы жеңімпаз атанғандар жазда Азия чемпионатына жол тартады. Олардың арасында №11 шығыс жекпе-жек мектебінің бес шәкірті де бар. Жерлестеріміз аспан асты елінде жарқ етіп көріну үшін бүгінде дайындыққа қайта көшті.

Қыздар арасында да шымкенттіктерге дес берер ешкім болмаыд