Облыс кәсіпорындарына екі мыңнан астам маман қажет

Студенттердің қандай білім алатынын енді кәсіпорындар шешетін болды. Себебі жастармен түзелген төрт жақты келісімде көрсетілгендей, жұмыс берушінің талабы оқу бағдарламасында қамтылуы тиіс.

Бұл — дуальды оқыту жүйесінің басты ережесі. Яғни, 2014 жылдан бастап қабылданған ережеге сай өңірдегі 24 оқу орнында «Жол картасы» аясында дуальды оқыту жүйесі енгізілген. Үш жыл ішінде білім ордалары екі мыңнан аса студентті жүздеген кәсіпорынға дайындап шығуы тиіс.

Бүгінде облыс бойынша 24 колледжде 2051 студент 33 мамандық бойынша білім алуда. Тоғыз бағытта, оның ішінде дәнекерлеуші, қоғамдық тамақтану, текстиль өндірісі, металлургия мен энергетика саласы бойынша мамандар даярлауға басымдық берілген.

ОҚО кәсіпкерлер палатасының бас сарапшысы Марат Қаржаубековтың айтуынша, өңірде бірнеше жаңа мамандық ашу жоспарлануда. Ол мамандықтар жылына екі рет жүргізілетін арнайы мониторингтің нәтижесінде анықталатын болады.

87965

Бұл еліміздегі жұмыссыздықтың алдын алуға, кадр мәселесін шешуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, әр мекеме дуальды білім жүйесі бойынша өндірістік іс-тәжірибеден өткен студентті жұмысқа алу міндетті дейді сарапшы.