«Ордабасының» мақсаты — Қазақстан Кубогін жеңіп алу

226

«Ордабасы» командасының ойыншылары Қазақстан кубогі жолындағы сайысқа дайындалуда. Қостанайдан келе салысымен-ақ Оңтүстіктің футболшылары қайта дайындыққа көшкен.

Сәуірдің 29-ы күні жерлестеріміз Кубок жолындағы бәсекеде «Тараз» командасымен кездеседі. Матч Шымкенттің орталық стадионда өтеді. Бүгін ордабасылықтар ойын алдындағы соңғы жаттығуларын өткізуде.

00000

Турнирлік күнтізбе бойынша әр төрт күн сайын ойынның өтуі футболшылар үшін қиын тиюде. Соның салдарынан болар, Еркебұлан Тұңғышбаев пен Александар Симчевич аздап жарақат алыпты. Олар «Таразбен» өтетін ойынға қатыспауы да мүмкін.

Ал Кубок кездесуінен шымкенттіктер «Жетісумен» жасы лалаңға шығады. Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» командасы қазіргі таңда турнирлік кестенің 2-ші сатысында тұр.