Шымкентте дәрігерлердің республикалық конгресі басталды

420

Болашаққа – жаңашылдықпен! Шымкентте дәрігерлердің екінші республикалық конгресі өтуде. «Химфарм» АҚ ұйымдастырып отырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 500-ден астам дәрігер қатысуда. Олар екі күн бойы бір бірімен тәжірибе алмасып, біліктілігін шындамақ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=diIwoPIYlW8[/youtube]

Конгрестің алғашқы күнінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы мен «Химфарм» зауыты, «Санто» компаниясының арасында өзара ынтымақтатық туралы меморандумға қол қойылды.

«Химфарм» зауыты – Оңтүстіктің өндірісін өркендетіп отырған кәсіпорындардың бірі. Отандық фармацевтика саласында халықаралық сертификатты үш рет жеңіп алған зауыт бүгінде жылына 1 миллиард дәрі-дәрмек, 300 миллион ампула, антибиотик салынған 24 миллион құты шығарады. Бүгінде елімізге ғана емес, Орта Азияға да өз өнімін экспорттайтын бұл зауытты 2016 жылы жылына 4 млн инфузия пакетін шағаруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, қазір зауыт Астана медицина уневерситеті, Назарбаев зияткерлік университеті, Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы мен Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен тығыз байланыста. Мекеме басшылығы биыл аталмыш мектептің 3 түлегіне бір жылдық оқу грантын бөлмек.