Шымкентте алғашқы бос орындар жәрмеңкесі өтті

440

Шымкентте жұмыссыз адамдар қатары азаюы мүмкін. Жергілікті 200 кәсіпорын жұмыссыздарды тұрақты қызметпен қамту үшін бос орындар жәрмеңкескін өткізді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қолға алған бастамаға келген ағайынның қарасы қалың. Бірақ үміткер алдымен іріктеу шарасына қатысуы тиіс.

8054

Білім мен жұмыс өтілі – жұмыс берушінің үміткерге қойған басты талабы осы болды. Бірақ талапкерлердің басым бөлігін оқу орнын енді ғана тәмамдаған дипломы бар түлектер құрап отыр.

Маржан Жүнісәлиева, жас маман: «Көптеген кәсіпорындар кемінде 5-6 жылдық жұмыс өтілі бар маман керек дейді. Ал біз диломды енді ғана алып отырмыз ғой. Сонда біздің не істеуіміз қажет?!»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6LuidpB8erA[/youtube]

Қуантарлығы – бүгінгі жәрмеңкеде талай жас маманға сәттілік серік болды. Солардың бірі – Баргида Ханшікова. Бойжеткенге жекеменшік емханының басшылығы жұмыс орнын ұсынды. Медициналық білімі бар жас маман енді арнайы сауалнаманы толтырып, мейірбике қызметіне кіріспек.

8053

Баргида Ханшикова, жас маман: «Келісім-шарт бойынша мен 6 ай бойы іс-тәжірибеден өтемін. Алғашқы айларда маған 36 000 теңге жалақы төлейтін болды. Егер осы уақыт аралығында өзімді жақсы қырымнан танытсам, тұрақты жұмысқа қабылдауы мүмкін. Ол кезде жоғары айлық төленеді».

Жәрмеңкеде еңбек нарығына сәйкес 1200 бос орын ұсынылды. Бірақ әдеттегідей сұраныстың көбі техникалық мамандықтарға түсіп жатыр. Бұған қоса өңірімізде медицина саласының мамандары әлі де тапшы.

8055

Айша Қамбарбекова, қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары: «Техник-механик, техник-оператор сынды мамандарға 150 бос орын тұр. Осындай мамандарға  тоқыма өндіріс орындары да зәру. Ал медицина мамандығын тәмамдаған жастар жаңадан ашылған медициналық мекемелер мен емханаларға барып. жұмысқа орналасуына болады.»

Айта өтейік, бұл – жұмыссыздар үшін қолға алынған биылғы алғашқы ауқымы кең жәрмеңке. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, үміткерлер бақтарын тағы алдағы маусым және тамыз айларында сынайтын болады.