Шымкентте жүз жылдық емен қырқылды

345

Бүгін Әл Фараби аудандық сотының жанынан өткендер ғимараттың алдындағы ескі емендер кесілгенін байқапты. 100 жылдан астам тарихы бар жасыл желек және осындағы тарихи ғимарат жайлы мақала жазған «Южный Казахстан» газеті бас редакторының орынбасары Кеңес Исмаилов мұндай әрекетке кім жол берді деп ашынады.

006

Журналист емен ағаштарын қырқуға рұқсат бергендерді де, талды қырыққандарды да өз қаласының тарихын сыйламайтындар деп есептейтінін айтты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tENVAK0a72s[/youtube]

Ал соттың баспасөз хатшысы шіріген ағашты кесуге қала әкімдігі тарапынан рұқсат барын алға тартып отыр. Айтуынша, босаған жерге шырша отырғызылып, көгалмен көріктендірілмек.

007

Айта кететін жәйт, сот ғимаратында қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.