Биыл Шымкенттегі М.Хайдар Дулати атындағы №8 мектеп-гимназияның құрылғанына 140 жыл толды. Мерейтой құрметіне орай білім ордасының ұжымы бірқатар дөңгелек үстелдер мен іс- шараларды өткізіп жатыр.
Бүгін білім ұясында педагогтар үшін республикалық инновациялық форум қолға алынды. Еліміздің ұстаздары мен әдіскерлері және мемлекетіміздің білім және ғылымм министрлігінің өкілдері жиналған басқосуда сабақ өтудің жаңа әдістері де талданды.
№8 гимназиының пән мұғалімдері жаңа технология, жаңа жүйемен шәкірттерге білім берудің әдістерін ұсынды. Бұл күні жаттығу-сабақ ресми 3 тілде өтуде.
Өзге де білім беру құрылымдарынан келген педагогтар Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған ашық сабақтарға қатысты. Бұл күні қаламгерлердің әдеби шығармалары оқылды. Бұдан бөлек, мерейтой аясында №8 гимназияның ұжымы қонақтар үшін шәкірттердің қатысуымен Вена балы кешін өткізеді.