Сырдария суын пайдалану егін және мал шаруашылығына зиян. Судың құрамында хром, қорғасын, сынап, цинк, никель және молибден сынды ауыр металдар шамадан тыс көп. Мұндай қорытындыны осы маңда үш жылдай зерттеу жұмыстарын жүргізген шымкенттік ғалымдар жасап отыр.

006

Зерттеушілердің айтуынша, Орталық Азиядағы өзеннің ластануына көрші Қырғызстан мен Өзбекстандағы өзен жағасына орналасқан түрлі кәсіпорындардың жұмысшылары кінәлі. Өйткені, олардан шыққан зиянды қалдықтар осы су арнасына келіп құятын көрінеді. Яғни, көрсеткіш шектеулі мөлшерден артық.

Бұл — дария суын ауыл шаруашылығы саласына пайдалануға болмайды деген сөз. Үш жылдан бері тіршілік нәрінің құрамын зерттеп жүрген мамандар осындай тоқтамға келді. Сол уақыттан бері өзен суынан ағзаға зиянын тигізетін 10-ға жуық химиялық элемент табылған.