Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында 17 сәуір күні ірі мешіт ашылады деп күтілуде. Алланың үйін салуға жалпы сомасы 10 млн АҚШ доллары жұмсалды. Қожа Ахмет Яссауидің аты берілген мешітке қажетті қаржыны Түркияның дін істері министрлігі беріп отыр.
2009 жылдың 16 қазанында басталған ғибадатханада бір мезетте 3 мың адамның Аллаға құлшылық ете алады. Мұнда жамағатқа қолайлы мешіттің ішкі керек-жарақтарын да Түркия министрлігі қамтамасыз етті.
Айтулы мешіт құрылысы Қазақ пен түрік халқының достығын паш етерлік ортақ құндылықтар негізінде, дәстүрлі архитектуралық стильде бой көтерді. Мешітте, сондай-ақ кітапхана қоры, асхана және кафетерий бар. Мешіт имамдары мен азаншыларына арналған бөлмелер, дәріс сыныптары да қамтылған.
Дереккөз: e-islam.kz