Асардың қызанағы пісіп қалды

400

Көкөністі жылыжайда өсіру арқылы оңтүстікқазақстандық шаруалар республика жұртшылығын қияр, қызанақпен жыл бойы қамтуда. Асар шағынауданының тұрғындары бұл кәсіппен бес жылдан астам мерзім айналысып келеді. Сонымен қатар тәжірибелерімен өзгелермен бөлісуде.

001

Бұл жылыжайдағы қызанақ әлі пісіп жетілген жоқ. Көкөністің күтушісі Әбдрашит Жүнісовтің мәлімдеуінше, жиын-терім бір жетіден кейін басталады. Жалпы «Асар жылыжай өнімдері» өндірістік кооперативіндегі 5 гектар жер алқабының жартысынан басым бөлігіне қызанақ отырғызылған.

Жылдың басында егілген көшеттер жайқалып, өнім бере бастады. Мұнда тамышлатып суару әдісі пайдаланылады. Тағы бір маңызды тұс — көкөніс тез жетілсін десең. оның сабағындағы жапырақтарды қырқып тұру қажет дейді Ұлықбек Әбжалов.

Асарлықтардың өсірген көкөністері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде және қала базарларында сатылуда. Мәселен, көтерме сауда орындарында қызанақтың келісі 250-300 теңге аралығында. Мамыр айының соңында баға екі есе арзандайды деп күтілуде.

Шынар Оразова