Сарыағашта жылу жүйесін қажет етпейтін жылыжай салынды

31

Сарыағаш ауданы, Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекенінің аумағында орналасқан «ADIA» ЖШС жылыжай шаруашылығын дамытуға заманауи технологияны енгізіп, құлпынай өндірісін қолға алып отыр.

Жаңа заманауи технологиямен шаруасын дамытып отырған кәсіпкер Аширафи Шимбергенов 2,5 га алқапта жылу жүйесін қажет етпейтін заманауи үлгіде жылыжай құрылысын салып, құлпынай өсіруде. Жылыжайдың ерекшелігі – күн сәулесі және арнайы тігілген көрпешелер арқылы өсіріледі.
Сондай-ақ бүгін яғни 13 желтоқсан аудан аумағында ауа температурасы -15 шамасында болса, жылыжай ішіндегі ауа температурасы + 4,4 градусты ұстап тұр. Осы арқылы қыс мезгілінде жылытуға шығын жасамай, жылыжайда құлпынай өсіруге болатынын дәлелдеуде.
Қазіргі таңда, отырғызылған 240000 түп көшеттен келесі жылдың ақпан-наурыз айларында 72,0 тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын тұрақты және мезгілді жұмыспен қамтамасыз етуде.