«Батырлар картасы» зираты қайта жаңарды

638

Шымкентте жалпақ жұртқа «Батырлар картасы» атауымен таныс мазардың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қоғамдық ұйымның белсенділері және шенеуніктерден құралған топ жауынгерлер жерленген жерге барып, гүл шоқтарын қойды. Ерлердің есімдерін еске алды.

IMG_3174

Жөндеуден кейінгі батырлар мазарын көруге жергілікті билік өкілдерімен қатар қала тұрғындары және жауынгерлердің ағайын-туыстары жиналды. Олар алдымен бауырларластар қорымына гүл шоқтарын қойып, жауынгерлердің ерлігін еске алды.

IMG_3167

IMG_3210

87 майдангердің сүйегі жерленген
Молаға 87 майдангердің сүйегі жерленген

IMG_3171

IMG_3185

IMG_3168

Украина түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан аға лейтенант Ыбырайм Ембердиевтің сүйегі осында жерленген. Бүгінгі шараға ардагерлердің ағайындары келіпті. Акбар Егемберді жауынгер ағасының қабіріне келіп, айналасын жинап-тазалауды ұмытқан емес.

Акбар Егемберді
Акбар Егемберді

Акбар Егемберді: «Украинадан менің әкем, яғни, Ыбыраймның туған ағасы 1968 жылы оның зиратын тауып, осы жерге әкеліп жерлейді. Сол уақыттан бері біз мұнда жиі келіп, рухына құран бағыштаймыз. Бұған дейін келген кезде мазар шашылып, шөп басып, тақташалары сынып жататын. Енді мәрмәрмен қаптапты. Көріп, қуанып, толқып жатырмыз».

IMG_3193

IMG_3203

Еске салайық, бауырластар зиратында 87 майдангер жерленген. Қала билігінің айтуынша, қорым Кеңес Одағынан бері жөнделмеген. Бүгінге дейін қоғамдық ұйымдар шама-шарқы жеткенше күтіп ұстап келді. Енді, міне, жылдар бойы созбалаңдыққа салынып келген көкейтесті мәселе шешімін тапты. Биыл сәуір айының соңында күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.

IMG_3184

Дархан Сатыбалды, Шымкент қаласының әкімі: «Бұрын мұнда мәрмәр, гранит тастары болмаған еді. Және бағалы тастармен көмкерілмеген. Шөптер өсіп, тақташалардың барлығы жарылған болатын. Мәрмәрлар мен ескерткіштердің барлығы да тозығы жеткен еді. Бүгінде мұның барлығы ауыстырылып, жаңаланып отыр. Бұл үшін мемлекеттік бюджетттен 11 млн теңге жұмсалды,»

IMG_3165

IMG_3221

Бүгінде «Батырлар картасы» мазарына жерленген жауынгерлердің 32-ге жуығы сол жылдары жараланып, Шымкенттегі госпитальда көз жұмған өзге де одақтас республикалардың тумалары. Екеуі Кеңес Одағының батыры.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VJ2DH-Ru7G8[/youtube]